Мұнайдың алдағы бағасы пандемия мен ОПЕК+ шешіміне байланысты – Әлия Молдабекова

587

Ресей, Алжир және Ирак 2021 жылдың алғашқы айларында мұнай өндірудің шектеулі деңгейін сақтауды қолдап отыр. 

Мұнайдың алдағы бағасы пандемия мен ОПЕК+ шешіміне байланысты – Әлия Молдабекова

Мұнай бағасының құбылуы пандемияға және ОПЕК+ шешіміне байланысты. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

Оның сөзінше, мұнайдың әлемдік бағасы қысымға ұшырап отыр. Бұған коронавирусты жұқтыру жағдайларының көбеюі және бірқатар елде қайта локдаунды енгізу қаупі әсер етуде.

"АҚШ-та карантин шараларын енгізу ықтималдығы өсіп келеді. Мұнайдың төмен бағасы төлем балансы арқылы және ішкі нарықта валюта ұсынысының төмен көлемі арқылы теңгеге қысым көрсетуін жалғастыруда. Мұнай бағасының бұдан кейінгі серпіні пандемия жағдайына және ОПЕК+ келісіміне мүше елдердің шешімдеріне байланысты болады. Ресей, Алжир және Ирак 2021 жылдың алғашқы айларында мұнай өндірудің шектеулі деңгейін сақтауды қолдап отыр. Айдың ортасында ОПЕК+ ведомствоаралық мониторинг комитетінің отырысы өтуі тиіс, онда бағаның бір баррель үшін 40 доллардан төмен құлдырауына жол бермеу жөнінде ұсыныстар жасалуы мүмкін", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу