banner

Мұнайдың әлемдік бағасының құбылуы үкіметті әбігерге салды

697

Мұнайдың әлемдік бағасының құбылуы үкіметті әбігерге салды

Мұнайдың әлемдік бағасының құбылуы үкіметті әбігерге салды. Үкімет биылғы бюджеттің параметрлеріне өзгеріс енгізіп, көлемін көбейтуді көздеп отыр. Бұған мұнайдың әлемдік бағасының құбылуы себеп болды, деп хабарлайды abctv.kz.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтың айтуынша,  2018 жылғы бюджетте мұнай бағасы барреліне 45 доллардан бекітілген.

"Бүгінде мұнайдың 1 баррелі 60 доллардан асып тұр. Ал БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қорының ортақ болжамы 58 доллар төңірегінде. Қазір біз биылғы бюджетте қандай баға бекітетінімізді қарастырып жатырмыз", – дейді Руслан Дәленов.

Бірінші вице-министрдің мәлімдеуінше, алдағы уақытта экспорт көлемі ұлғайып, өнеркәсіп қарқыны артады. Яғни бұл бағыттарда да бюджетке түзету енгізіледі.

"Республикалық бюджет қай күні нақтыланатынын айта алмаймыз. Қазір қаржы министрлігі үкімет қабылдайтын шешім үшін ұсыныс әзірлеп жатыр", – деді ол.

Айта кетейік, дәл қазір  Лондон, Нью-Йорк биржаларындағы мұнайдың бағасы ауыспалы болып тұр.  Көбінесе баға төмен тартып жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу