Мұнайдың арзандауы ұзаққа созылмайды –Трамп

1177

WTI сұрыпты мұнайдың баррелі тарихта алғаш рет минус көрсеткішке ие болды.  

Мұнайдың арзандауы ұзаққа созылмайды –Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп мұнайдың құнсызданып кетуі ұзаққа созылмайды дегенді айтты. Оның ойынша, нарықтағы жағдай шикізаттан гөрі қаржы мәселесі болып есептеледі. Америкалық президент мамыр айында "қара алтын" бағасы 25-28 долларға дейін өсуге тиіс деп топшылап отыр.

Дегенмен Трамп қазіргі жағдайды ұтымды пайдаланатын алға тартты. Ол мұнайды арзан бағамен сатып алып, елдегі стратегиялық шикізат қорын 75 млн баррельге толтырмақ. Сонымен қатар Ақ үй Сауд Арабиясынан келетін шикізат импортын тоқтатуды қарастыруы мүмкін, деп хабарлайды Bloomberg басылымы. 

Ескере кететін жайт, Трамп бұған дейін америкалық компанияларды бағаның арзандауынан құтқару мақсатында бірқатар шара қабылдаған болатын. Бірақ олар іске аса қоймады. Өйткені коронавирус пандемиясы кесірінен мұнайға деген сұраныс азайып, нарықтағы жағдай нашарлап кетті. 20 сәуірде WTI сұрыпты мұнайдың баррелі тарихта алғаш рет 40 долларға сатылып, құнсызданып кетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу