Мұнайдың болжамдық бағасын 40 долларға дейін арттыру ұсынылды

576

Биыл номиналды жалпы ішкі өнім 69,8 трлн теңге көлемінде болады. 

Мұнайдың болжамдық бағасын 40 долларға дейін арттыру ұсынылды

Сенаттың жалпы отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылға арналған нақтыланған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын баяндады. 

"Әлемдік экономика өсімі халықаралық ұйымдардың консенсус-болжамы бойынша биыл минус 5% құрайды, өсім 2021 жылы болады", – деді министр. 

Руслан Дәленовтің сөзінше, халықаралық ұйымдар Қазақстан экономикасының нақты өсімін биылғы минус 2,3% минус 2% аралығында бағалайды.

"2020 жылғы нақты жалпы ішкі өнімнің өсімі минус 2,1% құрайды. 2020 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 69,8 трлн теңге көлемінде болады. Ол бұрын нақтыланған көрсеткіштен 102 млрд теңгеге жоғары. Бұл 2019 жылғы базалық көрсеткіштердің өсуімен байланысты", – деді Руслан Дәленов. 

Министр мұнайдың есептік бағасын ескере отырып, болжамдық бағаны 20 доллардан 40 долларға дейін арттыру ұсынылғанын айтты. 

"Қаңтар-қыркүйекте мұнайдың орташа бағасы бір баррелге 42 долларды құрады. Нақтыланған жоспар бойынша мұнай өндіру көлемі 85 млн тоннаны құрайды. Тауар экспорты 45,5 млрд долларға дейін артады, импорт 33,8 млрд долларға жетеді. Оң сауда теңгерімі 3,2 млрд ұлғайып, 11,7 млрд долларды құрайды", – деді Руслан Дәленов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу