Мұнайшылар вакцинациялауды өздерінен бастауды сұрап отыр

1069

Қазақстандық мұнайшылар вакцинациялауды "Теңіз", "Қашаған" және "Қарашығанақтан" бастауды сұрап отыр, деп хабарлайды Atameken Business.  

Мұнайшылар вакцинациялауды өздерінен бастауды сұрап отыр

Өйткені маңызды орындарда жұмыс тұралайтын болса, экономика мен қара алтын нарығына кері әсер етпек. Ал биыл "Теңіз" кен ошағында кеңейту жұмыстары жоспарланған. Жазда жүргізілетін құрылысқа 40 мың азамат тартылмақ. "Қарашығанақты" да дәл сондай жұмыстар үшін қаржыландыру мәселесі түпкілікті шешілген. Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының жобалар жөніндегі басқарушысы  Нияз Жұматтың сөзінше, бас мердігерлер бұл мәселені тез арада шешуді сұрап отыр. Қазір өтінім Үкіметке жолданған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы желтоқсанда Теңіз кен орнында ауру өршіп, ковид жұқтырғандар саны 4500-ге жеткен еді. Қазір мыңға жуық науқас тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу