"Мұнда ұйықтай алмаймын": Маңғыстау – Семей пойызында тарақандар өріп жүрген

553

Желіде бейнежазба пайда болды  

"Мұнда ұйықтай алмаймын": Маңғыстау – Семей пойызында тарақандар өріп жүрген Фото: бейнежазбадан

Маңғыстау – Семей бағытындағы №37 пойыздағы вагондардың бірінде тарақандардың өріп жүргені туралы ақпарат желіде тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Желіде Маңғыстау – Семей бағытындағы пойыз жолаушылары түсірген бейнежазба пайда болды. Кадрларда вагон ішінде жәндіктердің өріп жүргені анық көрінеді.

"Міне тағы кішкентайы, ал мынауы үлкен екен. Мен мұнда ұйықтай алмаймын", – деді видео авторы.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ хабарлауынша, жолаушылардың өтінішінен кейін пойыз соңғы станцияға жеткен соң жоспардан тыс дезинсекциялық өңдеу жүргізіледі.

"Бұл вагонға жоспарлы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары биылғы 30 мамырда жүргізілген. Қолданыстағы нормаларға сай жолаушылар вагондарына дезинсекция кемінде айына бір рет, ал дератизация тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі", – деп хабарлады компания.

Тексеру қорытындысы бойынша пойыз бастығы, өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаушы, "Батыс" филиалының Маңғыстау учаскесінің басшысы, сондай-ақ филиал директоры, сервистік қызмет көрсету жөніндегі директордың орынбасары және бас инженер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек рейске шығар алдында вагонды қабылдау мен дайындауға жауапты болған рейс алдындағы комиссия мүшелері де жауапқа тартылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу