Мұндай кемшілікке жол беруге болмайды – комитет төрағасы

907

Қашықтан оқыту кезінде кейбір жоғарғы оқу орындары академиялық саясатты дұрыс жүргізген жоқ.  

Мұндай кемшілікке жол беруге болмайды – комитет төрағасы

Бұл туралы білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазіргі кезде жоғары оқу орындары қашықтан білім беріп жатыр. Тексеру барысында қашықтан оқыту кезінде де сабақ болмай жатқанын байқадық. Кейбір жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатын дұрыс жүргізбей келеді. Студенттер сабаққа қатыспай, емтихан тапсырып, баға алады. Сонда олардан маман шығады?" – деді Гүлзат Көбенова.

Комитет төрағасының сөзінше, мұндай жағдайда заңнамаға сәйкес шара қабылданады. 

"Жоғары оқу орындары студенттерді сапалы біліммен қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай кемшілікке жол беруге болмайды", – деді комитет басшысы. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу