"Мұндайды доғару қажет": Бектенов заң жобасын үкіметке уақытылы енгізбеуді сынға алды

122

Денсаулық сақтау туралы заң жобасын Үкіметке енгізу мерзімінен 30 күнге кешіктірілген.

"Мұндайды доғару қажет": Бектенов заң жобасын үкіметке уақытылы енгізбеуді сынға алды Фото: gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл маңызды заңнамалық бастамалар қабылданғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Медициналық сақтандыру, құқық бұзушылық профилактикасы, баламалы энергетиканы дамыту, инвестициялық қорларды реттеу және басқа да маңызды бағыттар бойынша бірқатар заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына енгізілді. Атап айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты қабылданған шаралар әр азамат үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Инвестициялық қорлар туралы жаңа заң жобасының ережелері капитал нарығын одан әрі тиімді дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар белгіленген мерзімдердің сақталуына қатысты мәселелер де бар. Мысалы, денсаулық сақтау туралы заң жобасын Үкіметке енгізу мерзімінен 30 күнге кешіктірілді. Мұндайды доғару қажет", – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының сөзінше, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары заң жобалау жұмыстары жоспарының уақтылы іске асырылуын тікелей бақылауда ұстауға тиіс.

"Сондай-ақ бірқатар жобаға Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің ескертулерінен кейін көп өзгерістер енгізіліп, қайта пысықталады. Жалпы алғанда, осы жылға арналған заң жобалары Парламент қарауына енгізілді. Демек, жоспар орындалды деп санауға болады", – деп атап өтті Премьер-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу