Мұрат Әбділдә ақыры бостандыққа шықты

1906

TikTok желіcі арқылы танымал болған түркістандық блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын ерте шықты.  

 Мұрат Әбділдә ақыры бостандыққа шықты Фото: коллаж inbusiness.kz

Бұл туралы танымал гитарист Ақсұңқар Жүнісбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"09.09.2024. Алланың қалауымен Мұрат Әбділда ұлдарыңыз бостандыққа шықты", - деп жазды өнер иесі.

Еске сала кетсек, Мұрат Әбділда 2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көпшілікке әндерінен бөлек, желідегі эфирде былапыт сөздерімен танымал болған-тын. Жазасын өтеп жүргенінде "Енді ешқашан ешкімді балағаттамаймын" деп сұхбат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу