Мұрат Құсайыновқа "Халық әртісі" атағын беру туралы петиция жарияланды

285

Петиция авторларының жазуынша, 2027 жылы "Дос-Мұқасан" ансамблінің құрылғанына 60 жыл толады.

Мұрат Құсайыновқа "Халық әртісі" атағын беру туралы петиция жарияланды Фото: azh.kz

Қазақстандықтар "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Мұрат Құсайыновқа "Қазақстанның халық әртісі" атағын беруді сұрап, ePetition ресми мемлекеттік платформасында петиция жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Петицияны Алматы қаласының тұрғыны, порталда Әсел С. деп көрсетілген азаматша жариялаған. Өтініш 2026 жылғы 26 қазанда кешке тіркелген. Қабылдаушы орган – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Петицияны қарауға алу үшін 9 қарашаға дейін 50 қол жинау қажет. 26 қазанның кешіндегі жағдай бойынша оған бір адам қол қойған, он рет қаралған және жалғыз пікір қалдырылған. Ол – петиция авторының өзі.

Авторлардың пікірінше, Құсайынов заң талаптарына толық сәйкес келеді, ал оған атақ берілмеуінің жалғыз себебі – ешкімнің оны ресми түрде ұсынбаған. Олар мұны әділетсіздік деп санайды. Сондай-ақ сахнада 60 жыл еңбек ету – мемлекет әртістің еңбегін "халық әлдеқашан берген" атақпен бағалауы үшін жеткілікті мерзім екенін атап өткен.

Мұрат Құсайынов жарты ғасырдан астам уақыт бойы "Дос-Мұқасан" ансамблін басқарып келеді. Бұл – рок және поп-музыканы қазақтың халық әндерімен ұштастырған Қазақстандағы алғашқы кәсіби вокалды-аспаптық ансамбль.

Мұрат Құсайынов аталған құрметті атаққа қойылатын заң талаптарына толық сәйкес келеді. Алайда Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылғы желтоқсандағы жауабында оған қатысты марапаттау туралы өтінішхат әлі күнге дейін берілмегені расталған.

"Біз, Қазақстан азаматтары, осы әділетсіздікті түзетуді сұраймыз", – делінген петицияда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу