Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға сотталды

812

Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға сотталды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге үкім кесті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Айыпталушы 2004 жылы қайтыс болған "ТұранӘлем" (БТА) банкінің басшысы Ержан Тәтишевті өлтірді деп танылды. Ол қауіпсіздігі жоғары колонияда 10 жыл және 6 ай жазасын өтейтін болды. Дүние-мүлкі тәркіленбейді. 15 күн ішінде сот шешіміне қатысты шағым түсіруге болады.

Сотта 132 куәгер куәлік етті. Іс бойынша жинақталған жалпы материалдар 79 том болды.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу