Мусин Starlink ауқымын кеңейтуді талқылау үшін SpaceX компаниясымен кездесті

139

Starlink-ке қосылған Шұбар ауылынының мектебін SpaceX өкілдері өз көздерімен көріп қайтып, кездесі барысында оң ойларымен бөлісті. 

Мусин Starlink ауқымын кеңейтуді талқылау үшін SpaceX компаниясымен кездесті Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Кеше Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин SpaceХ жаһандық лицензиялау және белсендіру жөніндегі директор Ребекка Хантермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанда Starlink технологиясын кеңейту, ауылдық мектептерді кең жолақты интернетпен жабдықтау, сондай-ақ цифрлық жобаларды дамыту мәселелері талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әріптестермен көрісіп, ҚР Президентінің тапсырмасымен Space X компаниясының жобасын іске асыру жолдары туралы сөйлескеніме қуаныштымын", - деп атап өтті Министр.

Бүгінгі таңда 447 ауылдық мектеп Starlink технологиясын қолдана отырып интернетпен қамтамасыз етілген. Терминалдарды орнатқаннан кейін мектептердегі Интернеттің орташа жылдамдығы 200 Мбит/с жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу