Мұздатылған балықтағы мұздың салмағы өнімнің 5 пайызынан артық болмауы керек

1148

Мұздатылған балықтағы мұздың салмағы өнімнің 5 пайызынан артық болмауы керек

Қыркүйек айында Қазақстанда балық өнімдерін сақтау, оны өндіру және өткізуге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, деп хабарлайды abctv.kz.
Бұл талаптар 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің бәрінде қатаң сақталуға тиіс. Талапқа сай келмейтін өнімдер нарыққа жіберілмейді.
"Бұл құжат тек қана балық өнімдерін сақтау, өндіру және өткізу процестерін қамтиды. Аталған талаптың балық өсіру, балық өнімдерінің балаларға арналған және белсенді биологиялық қосынды қосылған түрлеріне еш қатысы жоқ", – деп түсіндірді ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы Александр Раззаренов.
Гормональды препараттар, синтетикалық заттар, сондай-ақ ГМО қосылған балық өнімдері үшін ЕАЭО нарығында орын жоқ. Бұдан бөлек, бұл құжат ЕАЭО қатысушыларының нарығындағы сақталған уақытында бұзылып, адамның денсаулығына қауіп-қатер төндіретін мұздатылған және улы балықтардың кең таралмауын реттейді. Мұздатылған балықтағы мұздың салмағы жалпы өнімнің 5%-ынан артық болмауы керек. Балық өнімінің қаптамасы берік әрі онда өнімге қатысты ақпараттар толық қамтылуы шарт. Бұл талаптың консервіленген балық өнімдеріне қатысы жоқ. Сонымен қатар, әзірленген құжатта кемелердегі балық өндірісін реттейін арнайы бөлім қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу