Мьянма кибералаяқтар үшін өлім жазасын енгізді

217

Аgence France-Presse агенттігінің хабарлауынша, ел парламенті тиісті заң жобасын қабылдаған.   

Мьянма кибералаяқтар үшін өлім жазасын енгізді Фото: Reuters

Онда интернетте алаяқтық жасауға мәжбүрлеп, зорлық қылғандарды өмір бойы  түрмеге қамау жазасы қарастырылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мамандардың мәлімдеуінше, коронавирустан кейін Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде онлайн алаяқтық орталықтары күрт өсті. Олардың негізгі базалары Мьянма, Камбоджа мен Лаоста болып шыққан. Мьянма билігі маусым айының аяғына қарай елге заңсыз кірген 15 мыңға жуық шетел азаматын қамауға алды.

Сонымен қатар құмар ойындар мен алаяқтық онлайн операциялар үшін пайдаланылған 77 ғимарат сүріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу