"Мың бала" олимпиадасына 5 мыңдай жетісулық оқушы қатысады

281

2 сәуірде ауылдық мектептердің 6-сыныптарына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасының бірінші кезеңі басталады.  

 "Мың бала" олимпиадасына 5 мыңдай жетісулық оқушы қатысады Фото: Білімді Ел

Жалпы биыл "Мың бала" олимпиадасына қатысуға Жетісу облысынан 5 мыңдай оқушы тіркелген. Бұл туралы "Жетісу-медиа" өңірлік коммуникациялар орталығының алаңында өткен брифинг барысында облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов айтты,  деп жазады inbusiness.kz сайты Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Спикердің айтуынша, олимпиадаға қатысу тегін. Байқаудың 1-ші кезеңінде қатысушылар онлайн форматта тест тапсырады. Ал екінші кезеңі  24-26 сәуір аралығында өтеді.

"Өткен жылы ауылда оқитын 6 сынып оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасына Жетісу облысынан 4295 бала қатысқан болатын.  Солардың 34-і жеңімпаз атанып, оларға ақшалай сертификаттар табысталды, сол қатардағы 11 оқушы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде білімін жалғастыруда. Ал биыл олимпиадаға қатысуға 4884 оқушы ниет білдіріп отыр. Жалпы бұл олимпиада - ауылдық жерлерде оқитын дарынды балаларды анықтауға және қолдауға арналған ең маңызды жобалардың бірі", - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов.  

Жобаға қатысып, жеңімпаз атанған 6 сынып оқушыларына еліміздің дарынды балаларға арналған мектептерінде ҚР заңнамасында бекітілген квотаға сәйкес "Білім-Инновация" лицейінде, Республикалық физика-математика мектебінде, "Дарын" мамандандырылған мектебінде білім алуға мүмкіндік беріледі. Мәселен, көксулық Мерей Сейітов өткен жылғы "Мың бала" олимпиадасының жүлдегері атанып, Талдықорған қаласындағы Дарынды балаларға арналған білім ииновациялық мамандандырылған лицей-интернатына оқуға қабылданды.

"Алғаш бұл олимпиада жайлы өзімнің мұғалімімнен естідім. Біздің сынып оған түгелге дерлік қатысты, соның ішінде жоғары нәтиже көрсетіп, озып шықтым. Ауылдағы мектеппен салыстырғанда лицейде сабақ күрделі, тереңдетіліп оқытылады. Қазір 7 сыныпта оқып жүрмін", - дейді Мерей Сейітов.  

Жалпы бұл жобаны ҚР Оқу-ағарту министрлігі "El Umiti" корпоративтік қорымен бірлесе отырып, бесінші жыл қатарынан өткізіп отыр.

Еске салсақ, тіркелу биылғы 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында жүргізілген болатын. Қосымша ақпарат алу үшін немесе қосымша сұрақтар туындаса 8-727-310-02-58 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу