Мыңдаған ауғанстандық тәліптерге қарсы ереуілге шықты

1084

Бұған дейін "Талибан" үкіметі Ауғанстан азаматтарына биліктің рұқсатынсыз митинг өткізуге тыйым салған болатын.

Мыңдаған ауғанстандық тәліптерге қарсы ереуілге шықты Фото: reuters.com

Ауғанстандағы Кандагар қаласының мыңдаған тұрғыны "Талибан" қозғалысының бұйрығына қарсы шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, тәліптер 3000-ға жуық отбасыдан әскер гарнизон жанындағы аймақты босатуын талап еткеннен кейін, тұрғындар бас көтерген. Олар Кандагардағы губернатордың үйінің алдына жиналды.

Көптеген ауғанстандықтар гарнизон аумағында үй тұрғызған еді. Бұл тұрғын үйлер мемлекеттік жерде салынған. Ол жерде отставкадағы әскер генералдары мен ауған қауіпсіздік күштерінің басқа да әскери қызметшілерінің отбасылары тұрады.
Сондықтан мыңдаған адам қазіргі биліктің мәжбүрлі түрде көшіруіне қарсы наразылығын білдіру үшін көшеге шығып отыр. Олар қазіргі қаржылық жағдайдың нашар екенін, тіпті тамақ сатып алуға қаражат жеткіліксіз екенін айтуда. 

Бұған дейін "Талибан" үкіметі (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) Ауғанстан азаматтарына биліктің рұқсатынсыз митинг өткізуге тыйым салған болатын. Алдағы уақытта наразылық акцияларын ұйымдастырушылар алдымен ІІМ мен Әділет министрлігінің келісімін алуға мәжбүр болады. "Заңсыз түрде бас көтергендер жауапқа тартылады", – деп жазылған Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу