Мырыш соңғы бес жылда алғаш рет күрт қымбаттады

1753

Мырыш соңғы бес жылда алғаш рет күрт қымбаттады

Сейсенбіде мырыштың құны соңғы бес жылда алғаш рет шарықтап кетті. Бұл ҚХР қайта өңдеу секторында күрт жандану туралы мәліметтерде көрініс тауып отыр,  деп жазады "Интерфакс".

Қытайдың логистика және сатып алу федерациясының бағалаулары бойынша, Қытайдың қайта өңдеуші өнеркәсібіне сатып алушы менеджерлердің ресми индексі қазанда 51,2 пункке көтерілді. Бұл екі жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Алдыңғы айда ол 50,4 пункке тұрақтаған. Сарапшылар   екі ай қатарынан жоғарлаудан соң  50,3 пункке дейін аздаған төмендеу болады деп болжаған еді. Ал қайта өңдеуші сала үшін дәл осындай индекс  қыркүйектегі 50,1-ден өткен айда 51,2-ға көтерілді.  Лондондық биржада мырыштың котировкалары 2011 жылғы  ең жоғарғы көрсеткіштен 1,1%-ға -  тоннасына  $2485 өсті.  Жалпы жыл басынан бері метал 54%-ға қымбаттап отыр. Бұл  LME-де саудаланатын барлық шикізаттық тауарлар арасында жақсы көрсеткіш болып табылады.  Металды гальвандау үшін қолданылатын мырыш  Қытайдың шойын құю саласында көп пайдаланатындықтан сұранысқа ие болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу