banner

Мысты өңірді Қайрат Шайжанов басқаратын болды

802

Ұлытау облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президент әкімшілігінің және Жезқазған қалалық мәслиихатының келісімімен Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.  

Мысты өңірді Қайрат Шайжанов басқаратын болды

Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайрат Абдоллаұлы 44 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік қызметте еңбек еткен.

2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

2019 жылдан бастап осы күнге дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ активтерді басқару департаменті директоры лауазымында еңбек етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу