Мысыр елі шәкірттерін Қазақстанға тегін оқуға жібергісі келеді

902

Мысыр елі шәкірттерін Қазақстанға тегін оқуға жібергісі келеді

Қазақстан студенттері үшін алдағы уақытта тың технологиялар бағыты бойынша Мысырда тегін білім алуына мүмкіндік тумақ. Мысыр елі де өз шәкірттерін Қазақстанға оқуға жіберуге мүдделі. Бұл туралы Мысыр араб республикасының жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Атеф Абдельгаффар Мохамед мәлімдеді, деп хабарлайды khabar.kz.

Айта кетейік, мәртебелі мейман, Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитіне арнайы келді.

"Қазақстан мен Мысыр елдері білім және мәдени салада әуелден тығыз қарым-қатынас жасап келеді. 20 жылдан бері біздің мәдени-білім беру орталығымыз осы жерде жұмыс істеп тұр. Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесіп, сіздердің студенттерді біздің жоғары оқу орындарында грант бойынша оқытуға келістік. Сіздердің университеттеріңізде біздің де шәкірттердің білім алғанын қалаймыз. Ислам әлемінде ғылыми салалар көп. Сондықтан ғылым мен технологияға баса мән берген жөн. Бүгінгі саммит осы бағыттың дамуына жол ашады", - дейді Мысыр араб республикасының жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Атеф Абдельгаффар Мохамед.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу