Мысыр мұнайгаз саласына $30 млрд инвестиция тартуды көздейді

927

Мысыр мұнайгаз саласына $30 млрд инвестиция тартуды көздейді

Мысыр алдағы үш жылда мұнайгаз саласына 30 миллиард доллар инвестиция тартуды көздеп отыр, деп мәлім етті Мысырдың мұнай және минералды ресурстар министрі Тарек әл-Мулла ADIPEC  мұнайгаз көрмесі кезінде. Бұл турал РИА "Новости" жазып отыр.

"Біз 2015-2016 қаржы жылын мұнайгаз саласына жеті миллиард доллар инвестиция тартумен жапқалы отырмыз. Келер жылы шамамен сегіз миллиард доллардай қаржы құйылады. Осылайша қатарынан үш жылда 30 миллиард доллар инвестиция тартуды көздеп қойдық", – деп атап өтті министр.

Ол сондай-ақ Мысыр 2020-2021 жылдары өзін-өзі газбен қамтамасыз етуге көшкен соң аймақтық энергетикалық орталыққа айналу жоспары барын да жария етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу