Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, оның ішінде өңіраралық деңгейдегі өзара іс-қимылды талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тараптар туристік саладағы ынтымақтастыққа назар аударды. Бұл ретте Шарм-эл-Шейхке қазақстандық туристердің айтарлықтай ағыны және мысырлық тараптың олардың демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүдделілігі аталып өтті.
Кездесу барысында Оңтүстік Синайға келетін Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау және оларға консулдық-құқықтық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және барлық талқыланған бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екендіктерін білдірді.