Мысырда қазақстандық 2 800-ге жуық турист бар

830

Репатриациялық рейстер 3-10 желтоқсан аралығында туристерді тасымалдайды. 

Мысырда қазақстандық 2 800-ге жуық турист бар

Мысырда 2 800-ге жуық Қазақстан азаматтары бар, деп хабарлайды inbusiness.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Комитет ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап коронавирустық инфекцияның жаңа штамының пайда болуына байланысты Мысырмен арадағы рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдағанын еске салды.

"Қазақстан мен Мысыр арасындағы әуе қатынасын "Эйр Астана" және SCAT әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қостанай және Ақтөбеден Шарм-эль-Шейхке дейін жүзеге асырды. Қазақстан азаматтарын Мысырдан әкету 3-10 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады", – деп түсіндірді комитет.

Ұшу күндері туралы толығырақ ақпарат алу үшін жолаушылар турпакет немесе авиабилет сатып алған орталықтарға хабарласуы керек.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 30 қарашадағы қаулысына сәйкес, Мысырдан келетін жолаушылар мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 72 сағаттан өтпеген ПТР анықтамамен келуі керек. COVID-19 вакцинациясының толық курсының болуына қарамастан, сондай-ақ тестісінің теріс нәтижесі бар ПТР тест анықтамасының болуына қарамастан 7 күн бойы өзін-өзі оқшаулауға тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу