"Набережная" жағажайына бөлінген ақшаны ұрлағандар қамауға алынды

136

2021 жылы тиісті қаражат Көкшетау қаласындағы ескі әуежайдан бастап Қан орталығына дейін "Набережная" жағажайын салуға бөлінген.  

"Набережная" жағажайына бөлінген ақшаны ұрлағандар қамауға алынды Фото: Видеодан скриншот

Көкшетауда 170 млн теңгені  жымқырғаны үшін қалалық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау "М-Строй Проект" ЖШС және мердігер компания "ПавлодарЭнергоМонтаж" ЖШС басшыларын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілердің іс-әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – мемлекет ақшасын талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Астана қаласында 95 млн теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды.

Прокурорлар "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасар қаласындағы басқа объектісінен жымқырылған ақшаға жасалғаны анықталды.

Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық істі қарау аяқталып жатыр.  

Жақында сот отырысы басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу