Нан бір жылда 6%-ға қымбаттаған

993

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінде құлдырау байқалады.

Нан бір жылда 6%-ға қымбаттаған

Нан өндірісі төмендеп, өнім бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы бірінші жартыжылдықта нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің көлемі 111 млрд теңге болған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға аз.

Жаңа нанды пісіру 21,3%-ға немесе 266,6 мың тоннаға азайған.

Сондай-ақ макарон, кеспе, кускус және осыған ұқсас ұн өнімдерін шығару 17,9%-ға немесе 75,6 мың тоннаға дейін төмендеген.

Қысқа уақыт сақталатын тәтті тоқаштар мен кондитерлік өнімдер өндірісі 17,7%-ға немесе 13,9 мың тоннаға дейін қысқарған.

Тек кептірілген нан мен печенье, кондитерлік өнімдер мен ұзақ сақталатын тәтті тоқаштар шығару 0,8%-ға немесе 56,5 мың тоннаға дейін өскен. 

Сонымен қатар нан бағасы бір жылда 5,9%-ға өскен. Қара бидай-бидай наны 9,2%-ға қымбаттады. Макарон бағасы 10,3%-ға, оның ішінде кеспе бағасы 11,6%-ға көтерілген.

Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2%-ға қымбаттады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу