Нарықта басқа мұнай маркасы пайда болуы мүмкін

1684

Нарықта басқа мұнай маркасы пайда болуы мүмкін

Әлем нарығы алдағы жылдары мұнайдың басқа маркасына көшуі ықтимал, дейді "Альпари" сарапшысы Роман Ткачук. Бұл туралы egemen.kz жазып отыр.

"Бірнеше жылдан бері "мұнай" мен "Брент" бір ұғым ретінде пайдаланылып келді. Мұнай нарығындағы көптеген келіссөздер негізінен Брент маркасымен жасалды. Қара алтынның басқа сұрыптары, Ресейдің Urals маркасы, АҚШ-тың WTI-ы, Сауд Арабиясының Arab Light және Ирактың Basra Light сұрыптарының бағасы Брент бағасына қарай белгіленді. Жалпы, Брент сөзі осы маркалы мұнай шығатын кен орындарының атына қойылған. Broom, Rannoch, Etive, Ness және Tarbert кен орындарынан шыққандықтан, мұнайдың бұл сұрыпын Брент деп атаған. Ал мұнай нарығында басқаларға қарағанда бағалы болуы жеткізудің тұрақтылығы мен шикізаттың пайыздық үлесінің аз болуына байланысты", — дейді сарапшы.

Алайда, сарапшының пікірінше, жағдай әлі өзгеруі мүмкін. 70 жылдары бұл марканың өндірісі тәулігіне 900 мың баррель болса, қазір бұл көрсеткіш екі есеге азайды. Таяуда Shell компаниясы Брент кен орындарынан өндірісті алып тастау туралы бастама көтерді. Бұл үрдіс алдағы он жылға дейін созылуы мүмкін, дегенмен, Брент бағасына бұл қазірден кері әсер етпек.

"Сол себепті әлем нарығы өзге мұнай маркасына ауыспақ. Ал қазіргі жағдайда Америкалық WTI (West Texas Intermediate немесе light sweet) маркасының бәсі жоғары. Химиялық құрамы жағынан ол Брентке ұқсас және инвесторларға бұрыннан таныс", — дейді Роман Ткачук.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу