NASA цунами бағытын ерте анықтаудың жолын тапты

170

NASA алғаш рет жаңа жер серігі жүйесі арқылы цунамиді нақты уақытта анықтайтын құрылғы ойлап тапты.  

NASA цунами бағытын ерте анықтаудың жолын тапты Фото: mk.ru

Аталған жүйе Камчатка маңындағы зілзаладан туған цунамидің бағытын дер кезінде болжады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде қауіп туралы алдын ала ескерту жасалып, миллиондаған адам эвакуацияланды. Биыл шілдеде Камчатка түбегінің маңында 8,8 балдық қуатты жер сілкінісі тіркелді. Дүмпуден цунами қалыптасты. Толқындар сағатына 640 шақырым жылдамдықпен тарап, бірнеше минуттың ішінде қауіп дабылы қағылды. Табиғи апат кезінде жерсеріктік навигация жүйелері кедергілерге тап болған еді.

NASA жасап шығарған жасанды интеллект негізіндегі "Guardian" жүйесі апатты алдын ала анықтап, бақылауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жағалауға жақын орналасқан өңірлерден 2 миллионнан астам адам эвакуацияланды.

Ғалымдар жүйенің көмегімен цунамидің бағытын қадағалап, оның жағалауға жетуін 40 минут бұрын болжады. Тың технология табиғи апаттардан қорғануды жаңа деңгейге көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу