NASA қытайлықтарға ғарыштық бағдарламаларға қатысуға тыйым салды

153

Жаңа ережелерге сәйкес, ҚХР азаматтары NASA деректер базасына қол жеткізе алмайды. Жиналыстарға қатыспайды және агенттік нысандарына кіре алмайды.  

NASA қытайлықтарға ғарыштық бағдарламаларға қатысуға тыйым салды Фото: washingtontimes.com

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма (NASA) қытай азаматтарының өз бағдарламаларына қатысуына толық тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

South China Morning Post дерегінше, шектеулер бұған дейін виза арқылы рұқсаты болғандарға да таралады.

"NASA Қытай азаматтарына қатысты ішкі шаралар қабылдады. Оған біздің нысандарға, материалдарға және желілерге физикалық әрі киберқатынасты шектеу кіреді", – деді агенттіктің баспасөз хатшысы Бетани Стивенс.

2 қыркүйекте АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінің Ғарыш күштері құрылмай тұрып, елдің ғарыш жарысында Ресей мен Қытайдан қалып қойғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу