Нәтижелі, сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруға тиіспіз – Асқар Мамин

826

Премьер-министр Асқар Мамин жаңа үкімет қандай бағыттарға басымдық беруге тиіс екенін мәлімдеді. 

Нәтижелі, сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруға тиіспіз – Асқар Мамин

Үкімет басшысы экономиканы қарқынды дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсартуға және табысын арттыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасау жалғаса беретінін баяндады. 

"Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына ерекше назар аудару керек. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инвестиция тартуға және экспортты дамытуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру қажет. Елімізді одан ары әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту  жолында барлық күш-жігерімізді салып, нәтижелі, сапалы әрі тиімді жұмыс атқаруға тиіспіз", – деді Асқар Мамин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу