НАТО бұл соғыста Украинаға жылдар бойы көмектесе алады – Столтенберг

434

Оның сөзінше, Батыс елдері Украинаны қолдағандықтан және өз мүддесі үшін Киевке жәрдемдесе бермек.

НАТО бұл соғыста Украинаға жылдар бойы көмектесе алады – Столтенберг

НАТО елдері Ресейдің әскери агрессиясына қарсы күресте Украинаға бірнеше жыл қатарынан көмектесе алады. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbuisness.kz.


Оның айтуынша, Путиннің бірнеше күн ішінде Украинаны басып алу туралы жоспары жүзеге аспай қалған.


"Соғыстың басталғанына алты ай болды. Ресей шығынға ұшырап жатыр, Украина Киев пен Харьков айналасындағы аумақтарды қайтарып, Донбастағы шабуылды тоқтатты. Бірақ соғыстың қалай өрбитінін болжау қиын. Біз Ресейдің басып кіретінін өткен күзде айтқан едік. Біз Украинаға әскери, қаржылық, гуманитарлық және экономикалық қолдау көрсете береміз", – деді Столтенберг.


Оның сөзінше, Батыс елдері Украинаны қолдағандықтан және өз мүддесі үшін Киевке жәрдемдесе бермек. 


"НАТО-ның екі рөлі бар: Украинаға қолдау көрсету. Тағы бір міндет – соғыстың ушығуына жол бермеу... Одақтастарымызға шабуыл жасалса, альянс міндетті түрде соққы жасайды", – НАТО-ның Бас хатшысы.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу