НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуге дайын – Столтенберг

644

Владимир Зеленский 28-30 маусым аралығында өтетін НАТО-ның кезекті саммитіне онлайн режимде қатысады.

НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуге дайын – Столтенберг Фото: reuters.com

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс елдері Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыра береді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Украинадағы соғыс ұзаққа созылмақ.

Столтенберг НАТО одақтастарының осылай істеуі үшін "саяси және моральдық міндеттемелері" бар екенін айтты.

"НАТО одақтастары  бұрынғыдай заманауи қару-жарақ жеткізуіміз керек, одақ қолдау көрсетуде маңызды рөл атқаруы қажет", – деді ол.

Ол Украинадағы соғыстың іс жүзінде 2014 жылы, яғни Ресей Қырымды "аннексиялап", Украинаның шығысындағы содырларды қолдаған кезде басталғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 28-30 маусым аралығында Мадридте НАТО-ның кезекті саммиті өтеді. Украина Президенті Владимир Зеленский жиынға онлайн режимде қатысады.

Табиғат  Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу