НАТО қару-жарақ қоры азайды

542

Украинадағы қақтығысқа байланысты НАТО қару-жарақ қоры азайды.

НАТО қару-жарақ қоры азайды

НАТО Украинадағы қақтығысқа байланысты біршама азайған қару-жарақ қорын толықтыруға күш салуы керек, деп бейсенбіде НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг CNN телеарнасында мәлімдеді.

"Украинаға көрсеткен қолдау біздегі бар қорлардан жүргізіледі. Нәтижесінде, қор біршама азайды, енді оларды толтыруға назар аударуымыз керек", — деді ол.

Столтенберг сонымен қатар украин әскерлеріне алдағы қыста қиын болатынын атап өтті.

"Алдағы қыс қатты болмақ, Сондықтан қыста жұмыс істей алу үшін бізге қысқы жабдықтар, қысқы формалар, генераторлар, шатырлар берілуі керек", — деп толықтырды НАТО Бас хатшысы.

 

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу