НАТО Киевке қару-жарақ пен құрал-жабдықтар береді

505

Бухаресттегі Солтүстік Атлантикалық Альянс елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің күн тәртібінде басты мәселе - Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіру және оның қарулы күштерін қолдау. 

НАТО Киевке қару-жарақ пен құрал-жабдықтар береді Фото: delfi

Сейсенбіде АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастары Киевке ресейлік зымырандар мен дрондардың әсерінен істен шыққан электр және жылу жүйелерін қалпына келтіру үшін көбірек қару-жарақ пен арнайы техника беруді уәде етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.

НАТО Сыртқы істер министрлері, оның ішінде Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Румыния астанасында екі күндік кездесу өткізеді. Кеңестің күн тәртібінде – инфрақұрылымды қалпына келтіру және Украина қарулы күштерін қолдау.

"Бізге Әуе қорғанысы, IRIS, Hawks, Patriots әскери техникалары мен трансформаторлар қажет (біздің энергетикалық қажеттіліктеріміз үшін)", – деді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба кеңес барысында журналистерге.

- Егер бізде трансформаторлар мен генераторлар болса, энергия қуатын қалпына келтіре аламыз. Келесі ресейлік зымыран соққыларынан қорғану үшін Әуе қорғанысы жүйесі керек. Қысқаша айтқанда: Patriots пен трансформаторлар – Украинаға қазір ең қажет дүние".

НАТО министрлері өз мәлімдемесінде "Ресейдің Украинаның азаматтық және энергетикалық инфрақұрылымына жасаған тұрақты шабуылдарын" айыптады және 2008 жылы Украина уақыт өте келе одаққа кіреді деген шешімді растады, бірақ бұл бағыттағы нақты қадамдар немесе мерзімдер жарияланған жоқ.

Американдық, еуропалық шенеуніктер Министрлер Украинаға жанармай, Медициналық тауарлар мен қысқы жабдықтар жеткізуге, әскери көмек көрсетуге назар аударады деп мәлімдеді. АҚШ электр желілеріне арналған жабдықты сатып алу үшін 53 миллион доллар беретінін айтты.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу