НАТО-ның Бас хатшысы Украина Президентін Альянс саммитіне шақырды

247

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Владимир Зеленскийді осы шілдеде Вильнюсте өтетін Альянс саммитіне қатысуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

НАТО-ның Бас хатшысы Украина Президентін Альянс саммитіне шақырды Фото: postimees.ee

"Мен бұны біздің ынтымақтастығымыздың, одақтастардың Украинаға көрсеткен қолдауы деп есептеймін және Зеленский саммитке қатысады деп үміттенемін. Әрине, соғыс болып жатқандықтан бұл Украинадағы жағдайға байланысты болары анық", - деді Столтенберг Литваның LRT басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Вильнюстегі саммитте НАТО-ның шығыс шекарасындағы жағдай талқыланады.

Сонымен қатар Столтенберг НАТО елдерінің барлығы қорғаныс үшін ІЖӨ-нің кем дегенде екі пайызын бөлуі керек деген ұсынысқа келіседі деп үміттенетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу