НАТО Шығыс Еуропаға қосымша күштерін жібереді

1192

Бұған дейін АҚШ Украинаға 200 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлген еді.  

НАТО Шығыс Еуропаға қосымша күштерін жібереді

Солтүстікатлантикалық одақ Украинаның төңірегіндегі жағдайға байланысты Шығыс Еуропаға қосымша күштерін жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz НАТО мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"НАТО одақтастары әскерилерін дайындап жатыр. Шығыс Еуропаға қосымша кемелер мен әскери техникасын орналастырады. Өйткені Ресей қазір Украинаның айналасына өзінің әскери күшін тартып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Соңғы уақытта Батыс елдері мен Украина билігі Ресей Украина аумағына басып кіреді деген мәлімдемелер жасауда. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды және негізсіз деп айтты.

Бұған дейін АҚШ Украинаға 200 млн доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлген еді. Ресей билігінің айтуынша, Украинаға қару-жарақтың жеткізілуі елдің оңтүстік-шығысындағы шиеленісті ушықтырмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу