НАТО соғыс аяқталмайынша Украинаны өз қатарына қабылдамайды

798

The New York Times газетінің шолушылары Эндрю Крамер мен Дэн Билефскийдің айтуынша, НАТО Ресейдің "арнайы операциясы" аяқталғанға дейін Украинаның Альянсқа кіруіне жол бермейді. 

НАТО соғыс аяқталмайынша Украинаны өз қатарына қабылдамайды

Ал Украина елін қабылдаған жағдайда, Солтүстік Атлантикалық Альянс барлық мүшелердің өзара қорғанысы туралы жарғының бесінші бабын қолдануға мәжбүр болатыны атап өтіледі.

"Одақ ұжымдық қорғаныс принципін ұстанатындықтан, оның соғыс қимылдарына қатысып жатқан елді өз қатарына қабылдауы екіталай", – деді мамандар.

Сарапшылардың пікірінше, Украинаның НАТО-ға жедел кіруі мүмкін болмай отыр, себебі бұл процедура бірнеше жылға созылуы мүмкін деп болжайды.

Сонымен бірге Киев бұл бағытта бірқатар талаптарды орындауы керек, атап айтқанда демократияға, жеке бас бостандығына және заң үстемдігін қолдауға деген адалдығын көрсету керек.

"Украина басшылары өз елдерін барлық  критерийлерге сәйкес келеді деп айтса, кейбір американдық, еуропалық шенеуніктер керісінше пікір білдіруде", – деп жазады газет.

2 қазанда Румыния, Чехия, Эстония, Латвия, Литва, Солтүстік Македония, Польша, Черногория мен Словакия президенттері Украинаны НАТО-ға қабылдауға келісім туралы құжатқа қол қойды. Олар сондай-ақ одақтастарды Киевке әскери көмекті едәуір арттыруға шақырды.

Бір күн бұрын ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Украинаның НАТО-ға деген ұмтылысы қазіргі уақытта аса маңызды мәселе емес екенін атап өтті.

Украина Президенті Владимир Зеленский 30 қыркүйекте елдің НАТО-ға жедел түрде кіруіне өтінімге қол қойды. Сол күні саяси талдаушы Брэдли Девлин The American Conservative басылымына арналған мақаласында "Егер Батыс Зеленскийдің НАТО-ға кіру талаптарына көнсе, ядролық соғыстың басталуы мүмкін" деп жазды.

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться