НАТО Украинаға жәрдем бермек

466

Киев НАТО-ның екікүндік саммитінде Батыстан жаңа қару сұрады. Одақтастар болса, Киевті алдағы қыста қолдауға уәде еткенімен, оған нақты қандай арсенал жөнелтілетінін ашық айтпады.  

НАТО Украинаға жәрдем бермек Фото: REUTERS

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның мәлімдеуінше, оның еліне қазір "Пэтриот" зымыранға қарсы жүйесі өте қажет. Өйткені мұндай қарумен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын қиратып жатқан Ресей ракеталарын құлатуға болады. Сонымен қатар Кулеба Ресейдің бронетехникадағы үстемдігін жою үшін батыстық үлгідегі танктерді де сұрады.

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса, Солтүстікатлантикалық альянс үшін қазір басты міндет – Ресейді жеңу екенін атап өтті. Оның сөзінше, осы мақсатқа жету - Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесін қарасытыруға жол ашады.

Сонымен қатар НАТО Украина армиясына аса қажетті советтік дәуірдегі артиллериялық снарядтар өндірісіне инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу