Наурыз мерекесіне орай Астанада мың литр наурыз көже пісіріледі

808

Наурыз мерекесіне орай Астанада мың литр наурыз көже пісіріледі

Наурыз мейрамына орай Астанада мың литр Наурыз көже дайындалады, деп хабарлайды 24.kz. 

Ертеңнен бастап, республика бойынша Ұлыстың ұлы күні тойланады. Елордада басты мерекелік бағдарлама ЭКСПО аумағында басталмақ. Мұнда қала қонақтары мен тұрғындары үшін этноауыл ашылып, қонақтар қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, армрестлинг және кір көтеруден сайысқа түсе алады. Бұдан басқа демалушылар "Қой көтеру" ұлттық ойынында күш сынасып, алтыбақан тебу мүмкіндігіне ие болады. Ал "Қазақ елі" монументі алдындағы алаңда "Дала қазығы" атты тарихи ортағасырлық жекпе-жек турнирі өтеді. Сондай-ақ отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу