Наурыз, сәуір айларында шекарадан заңсыз 671 мың доллар алып өтпек болғандар ұсталды

576

Қазіргі кезде Қазақстаннан 10 000 АҚШ доллары қолма-қол шетел валютасын алып кетуге тиым салынған.

Наурыз, сәуір айларында шекарадан заңсыз 671 мың доллар алып өтпек болғандар ұсталды

Мемлекеттік кірістер комитеті наурыз-сәуір айларында кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 000 АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол заңсыз ақшаны өткізудің 40 фактісін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 000 АҚШ долларын құрайтын қолма-қол ақшаны кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталған.  Барлық жағдайлар Нұр-Сұлтан (6 факт) және Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларындағы кеден бекеттерінде тіркелді.    

Ұсталған тұлғалар ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің" 551 және 545-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ҚР Президентінің 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен елімізден 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел валютасын, ҚР ҰБ шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 грамм аффинирленген алтын құймаларын және "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған инвестициялық монеталарды, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.

Мемлекеттік кірістер комитетінде шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау қажет екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу