banner

Наурызда бензин бағасы қалай құбылды?

1147

 Елімізде АИ-92 қайта қымбаттады.

Наурызда бензин бағасы қалай құбылды? Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың алғашқы екі айында 92-бензин 3 теңгеге қымбаттап, 152.7 теңгеден саудаланды. Ал наурызда сұйық отын бағасы тағы 5 теңгеге өсті. 

АИ-92 үшін елдегі ең қымбат баға "Газпромда": Литрі 161 теңге тұрады. Ал арзан "тоқсан екіні" Sinooil мен Qazaq Oil бекеттерінен табасыз. Мұнда жанармай бағасы 3 теңгеге өсті, қазір 158 және 153 теңгеден сатылуда.

Royal Petrol мен Helios сұйық отын құнын 5 теңгеге өсірді. Мұнда литрі 160 және 159 теңге тұрады. 

Айта кетейік, бұл аяқасты болған өзгеріс емес. Мысалы, “Гелиос” ай ортасында бензинді 157 теңгеден сатқан, ай соңына қарай тағы екі теңге қосты.

Дизель бұрынғыдай 179-185 теңгеден сатылып жатыр. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу