banner

Наурызда қанша күн демалыс?

779

2023 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 12 күн демалады, деп жазады inbusiness.kz.  

Наурызда қанша күн демалыс? Фото: egemen.kz

Наурыз айында екі ресми мереке – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мерекесі тойланады.

Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбіге сәйкес кеп тұр. Бұл күні қазақстандықтар бір күн демалады.

Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. Ұлыстың ұлы күндері сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.

Бұл аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс күндері болып есептеледі. Ешқандай ауыстырулар жоқ. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу