Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

183

2026 жылы наурызда еліміздің тұрғындары жалпы 13 күн демалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады Фото: canva

Наурыздағы мерекелерге тоқталатын болсақ, көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі, олар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

8 наурыздағы демалыс күндері:

Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7, 8, және 9 наурыз күндері демалады. 10 наурыз жұмыс күні.

Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады.

Наурыз мейрамы:

Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз – жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу