Наурызда отандық көліктерге сұраныс артты

1130

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, өткен айда республикада 10 753 жаңа авто сатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Наурызда отандық көліктерге сұраныс артты

Аталған көрсеткіш 2021 жылдың наурыз айындағы деңгейден айтарлықтай жоғары. Себебі былтыр осы кезеңде 8 000 мыңнан аса көлік сатылды. Бұл ретте, егер 2019 жылдың басындағы статистиканы алатын болсақ, онда транзакциялар көлемі тек бір рет – 2021 жылдың маусымында (12 025) жоғары болған. 

Дегенмен наурыздағы жақсы нәтижелерге қарамастан, әзірге сатылым көлемі өткен жылдан төмен. 

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, I тоқсанда 22 419 авто сатылды. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш 24 196 бірлік болатын. Бұл қаңтар айындағы нарықтың тұралауына (4 мың бірліктен аз) байланысты болса керек.

Бірақ қауымдастық алдағы уақытта сатылым өседі деп есептейді. Оған негізгі алғышарттар отандық өндірісті ұлғайту, нарыққа жаңа брендтердің келуі, импорттаушылар ұсынатын қаржыландыру бағдарламалары, сондай-ақ жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы болып табылады.

Еске сала кетсек, алдағы уақытта елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылмақ. Ол қазақстадықтарға 7 жылға, жылдық 4% бен отандық көлік сатып алуға мүмкіндік береді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу