Наурыздағы мерекелер: ХҚКО-ның жұмыс кестесі қандай?

365

Халыққа қызмету көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегідей жұмыс істейді.  

Наурыздағы мерекелер: ХҚКО-ның жұмыс кестесі қандай? Фото: Inbusiness.kz

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лардың наурыздағы жұмыс кестесі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

  • 8 наурызда Қазақстандағы ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
  • 21-25 наурыз аралығында да орталықтар қазақстандықтарға қызмет көрсетпейді.
  • Дегенмен кезекші орталықтар 9 наурызда және 25 наурызда түскі сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

  • ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;
  • кезекші орталықтар жұмыс күндері 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу