Наурыздағы ҰБТ-ға тіркелу басталды

1824

Тестілеуге өтініш беру 20 ақпан-10 наурыз аралығында жүргізіледі.  

Наурыздағы ҰБТ-ға тіркелу басталды Фото: egemen.kz

14-30 наурыз аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін):

  • мектептің 11 (12) сынып оқушылары;
  • мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің ағымдағы жылғы түлектері;
  • ЖОО-ға шартты түрде қабылданған студенттер;
  • шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы болып табылмайтын, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.

Тестілеуге қатысатындар тіркелу кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу