Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді

1108

Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді

"Наурыздағы Ұлттық бірыңғай тестілеу компьютерлік форматта өтеді Оның нәтижесімен ақылы бөлімге түсуге болады. Тіркелу бойынша ақпарат келесі аптада жарияланады. Сіз өзіңізге ыңғайлы күнді және уақытты таңдап, жаңа форматтағы емтиханды Наурыз ай бойы сынай аласыз!", - деп жазды Дидар Смағұлов Facebook парақшасында .

Дегенмен орталық басшысы наурыз айындағы тестілеу ақылы екендігін айтады. Оған қатысу түлектің өз еркінде және құны 2 242 теңгені құрайды.

"Ал грантқа түсу үшін компьютерлік ҰБТ сәуір-маусым аралығында өтеді және сізде 2 тегін мүмкіндік болады. Сол тестілеу сертификатының біреуін шілдеде болатын конкурсқа жібересіз. Сонымен, компьютерлік ҰБТ-ны жалпы 3 рет тапсырып, ең жоғары нәтижеге жететініңізге күмәнім жоқ", - деді ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу