Наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады

903

З0-шы наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Наурыздан бастап тағы 5800 шақырым жол ақылы болады

Жалпы саны 13 су жаңа участкеден өту үшін ақша төлейтін боламыз.  Атап айтқанда, Шымкент –Ташкент, Қапшағай–Талдықорған, Нұр-Сұлтан–Павлодар, Павлодар– Омбы, Атырау–Ақтау және тағы 4 автожол ақылы болмақ. Ал учаскелерден түскен қаржы ағымдағы жөнедеу жұмыстарына, жолдарды күтіп ұстауға және инвесторларға төлем жасауға жұмсалады.

Жалпы  биыл ақылы жолдардан ел бюджетіне 26 миллиард теңгеге жуық пайда түседі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің болжамынша, ең көп түсім 1,9 миллиард теңге "Нұр-Сұлтан-Теміртау" бағытындағы жол учаскесінен болмақ. "Ал Нұр-Сұлтан-Щучинск" – 1,66 миллиард, "Алматы-Қорғас" – 1,1 миллиард, "Алматы-Қапшағай" бағыты 1,33 миллиард теңге қаржы әкеледі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу