Наурыздың соңында Қазақстанда 32 градусқа дейін ыстық болады

173

"Қазгидромет" наурыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Наурыздың соңында Қазақстанда 32 градусқа дейін ыстық болады Фото: canva.com

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады, батыста кей уақыттарда нөсер жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы:

  • солтүстік-батыста +17…+26°С,
  • солтүстікте +13…+20°С,
  • орталықта +12…+23°С,
  • шығыста +5…+22°С,
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32°С,
  • батыста +20…+25°С-тан +13…+20°С-қа дейін төмендейді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу