Навальный ресейліктерді "соғысқа қарсы" ереуілге шығуға шақырды

2481

Оппозиционер басқа елдердегі ресейліктерді де бас көтеруге үгіттеді.

Навальный ресейліктерді "соғысқа қарсы" ереуілге шығуға шақырды

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный ресейліктерді РФ-ның Украинада жүргізіп жатқан "әскери операциясына" қарсы ереуілге шығуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Егер соғысты тоқтату үшін біз түрмелерге жаппай қамалатын болсақ, біз солай істейміз, түрмелер лық толы болады. Әр нәрсенің сұрауы бар, 2022 жылы біз осындай қадамға баруымыз керек. Өйткені бізден басқа ешкім жоқ. "Соғысқа қарсымын" деп айту жеткіліксіз, соғысқа қарсы күрес жүргізейік", – деді Навальный. 

Оппозиционер тіпті басқа елдердегі ресейліктерді бас көтеруге үгіттеді. 

"Путин – ол Ресей емес. Дәл қазіргі жағдайда Ресейде мақтан тұтуға болатын нәрселердің бірі – 6 835 адамның қамалуы... Қол қусырып қарап отыруға болмайды. Мейлі Ресей, мейлі Беларусь не басқа елдерде болсаңыз да, әр жұмыс күні сағат 19.00-де, демалыс және мереке күндері сағат 14.00-де қаланың басты алаңына шығыңыздар", – деді ол.

2021 жылдың ақпан айында Алексей Навальный шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзды деген айыппен 2,5 жылға түрмеге қамалған еді. Ол қаңтар айында Германиядан келген бойда қамауға алынды. Германияда оппозиционер химиялық затпен уланғаннан кейін оңалту курсынан өткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу