Навигациялық пломба қолдану туралы келісім бекітілді

1013

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің президенттері тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломба қолдану туралы келісімді заңдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Навигациялық пломба қолдану туралы келісім бекітілді

Айта кетейік, ЕАЭО аумағына сырттан транзит арқылы тауар жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін құжат ұзақ әзірленді. Оған көлеңкелі экономиканың алдыну алу және ашықтықты қамтамасыз ету негізінде сауда көлемін арттыру міндеті жүктелді.

ЕАЭО-да құрылған жұмыс тобы навигациялық пломбалардағы ақпаратты қорғаудың бірыңғай шарасын әзірлеу және қабылдау туралы келісімнің ресми рәсімделуіне ықпал етті.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу