Назарбаев – Ел дамуына үлес қосқан әрбір отандасыма айрықша ықыласымды білдіремін

885

Назарбаев –  Ел дамуына үлес қосқан әрбір отандасыма айрықша ықыласымды білдіремін

Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуына үлес қосқан барлық отандасына айрықша ықыласын білдірді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Тұғыры мығым, мәртебесі биік Тәуелсіз Қазақстанды біз бәріміз жасадық, бүкіл қазақстандықтар болып. Әрине, оның ішінде сіздер де барсыздар. Мен бүгін мерейлі сәтте ел дамуына үлес қосқан әрбір отандасыма айрықша ықыласымды білдіремін.   Киелі осы ұлы мемлекет құруда, елді біріктіруге жасаған шаруамызда  Алатаудың баурайындағы азаттықтың  алтын бесігі алматылықтар, жағасын қарт Каспийдің толқындары сүйген мұнайлы өлке атыраулық және маңғыстаулық ағайын, өндірісті өңір ақтөбеліктер үлкен үлес қосты", – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы кеншілер мекені қарағандылықтар, байтақ даланың қос жұлдызы сұлу Көкше мен Баянауыл өңірлерінің және шырайлы Шымкенттің тұрғындары Тәуелсіздік жолында толассыз тер төккенін бас айтты. Жер жәннаты жетісулықтар мен Ақ жайық ару мекен батысқазақстандық бауырлар, асты мен үсті тарихи және табиғи байлыққа толы Кенді Алтай өңірі, талай тарихтың куәсі Жамбыл тұрғындары ерен еңбектің үлгісін көрсеткенін атап өтті.

"Аралы оралып, ақ күріші жайқалған Сыр өңірі, аймағы әрлі, топырағы нәрлі, алтын дән даласы Қостанай мен Солтүстік Қазақстан тұрғындары аянбай еңбек етті. Азаттығымыздың айшықты айғағы астаналықтар жасампаздықты паш етті", – деді Елбасы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу